Президент

Президент туыстарының лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Президенттің туыстарына лауазымды қызметтерді атқаруына заңмен тыйым салынбақ.

Бұл туралы Мемлеке басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамамен тыйым салынады", — деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров