Президент

Тоқаев: "Республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажет"

Олжас НҰРЖАҚЫП

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент жолдауында республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажеттігіне де баса мән берді.

Бұл мақсатта Жоғары аудиторлық палата құрылмақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын,

— деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруі тиіс екенін де айтты. Осылайша Мәжілістің мәртебесін арттыру көзделеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров