Президент

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады

Ержан ШАЙЖАН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды.

Оның айтуынша, бұл бастама құқықтық мемлекет құруда зор ықпалы бар, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ата заңымыз бүкіл құқықтық жүйенің тірегі. Алайда белгілі бір заң актісі немесе шешім бұған сай келе ма деген сұраққа нақты жауап беру қиындық туғызатын кездер болады. Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын конституциялық кеңес түсіндіреді. Бірақ азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды. Көптеген мемлекетте конституциялық сот иснтитуты бар. Бүған кез келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ондай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар ата заң ережелерін мүлтіксіз сақтауын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санаймын. Соны ескере отырып, мен елімізде конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен адам құқығы жөніндегі уәкілге де конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін. Сондай-ақ институт функцияналдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Бұған қоса азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түседі", — деді Президент.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров