Президент

Мәжілістің депутаттық корпусы жаңа жүйеге көшеді

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мәжілістің депутаттық корпусы жаңа жүйеге көшеді. Бұл туралы Президент халыққа Жолдауы кезінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сайлау науқанына деген қызығушылығы күрт төмендеп кеткенін алға тартты, деп хабарлады Экспресс К.

"Халықтың сайлау науқанына қызығушылығы, сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары күрт төмендеді. Олардың дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді", — деді Президент.

Мемлекет басшысы осындай негативті факторларды назарға ала отырып, неғұрлым үйлесімді аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынатынын айтты.

"Бұл барлық азаматтардың құқықтарын толығымен сақтайды. Пропорционалды мажоритарлық үлгі ұлттық және аймақтық деңгейде сайлаушылардың мүдделерін жақсырақ көрсетеді.

Мәжілістің депутаттық корпусы келесі схема бойынша құрылады: 70% пропорционалды және 30% мажоритарлық негізде. Сонымен қатар, бұл модель облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында енгізіледі", — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың осы тәсіліне оралу еліміз үшін өте маңызды екенін айтты. Бұл қадам партиялардың мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.

"Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі платасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі әртүрлі азаматтардың мәжіліске келіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса елдің алдында беделі бар ие жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.

Императивті мандатқа көшуде депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайта түседі. Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады" деп атап өтті Мемлекет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров