Президент

Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беруді қолдаймын - Тоқаев

Бек ТӨЛЕУОВ

Дінмұхамед Қонаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан үш облыс құрылатынын мәлім етті.

Президент Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болатынын айтты. Егер халық қолдап жатса, қаланың атауы ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек,

— деді Президент.

Тоқаев Қапшағай қаласына жұртшылық Қонаевтың атын беру керегін айтса, бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады,

— деді мемлекет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров