Президент

Қазақстанда Абай және Ұлытау облыстары пайда болады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Шығыс Қазақстан өңірінде жаңа облыс құрылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсыну қажеттігін айтты.

Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру — экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім,

— деді Президет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров