Қасым-Жомарт Тоқаев

Жүйелі түрде бюрократизацияны тамырымен жою керек - Президент

Олжас НҰРЖАҚЫП

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Ел дамуын тежейтін бюрокритизацияны тамырымен жою керек. Бұл мақсатта Үкімет жанына құрылған жедел штаб мониторинг жасайды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Үкімет жанынан құрылған жедел штаб нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, әрі шұғыл шаралар әзірлейтін ахуалдық орталық ретінде бір мезгілде жұмыс істеуі тиіс. Жүйелі деңгейде елдің дамуын тежейтін шектен тыс бюрократизацияны жою қажет,

—деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру туралы Жарлыққа қол қоятынын да айтты. Бұл жарлық мемлекеттік органдардың ішкі рәсімдерін түбегейлі қайта қараудың, норма түзушілік процесі мен бюджет процесін оңтайландырудың бастапқы нүктесі болмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров