Президент

Жолдау-2022. Президент не айтты?

Фархат ӘБІЛОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында көптеген өзгерістер туралы айтты.

Жолдаудағы басты жаңалықтарды Экспресс К назарларыңызға ұсынады.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
  • Президент еліміздегі өзгерістердің кейбір ықпалды адамдарға ұнамағанын айтты. Олар осылайша қаңтар айында төңкеріс ұйымдастырып, Президентті алып тастамақшы болған. Ұйымдастырушылардың ішінде елгілі белгілі адамдар болды.
  • Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңес төрағалары мен мүшелері, әкімдер мен олардың орынбасарлары партиялардан шығарылады. Және де олар ешқандай партияға мүше бола алмайды.
  • Қазақстандықтар кез-келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сол себепті дауыс берушілердің біріңғай электронды базасы құрылады.
  • Мәжілістің депутаттық корпусы жаңа жүйеге көшеді. Сондай-ақ Мәжіліс, Сенаттағы депутаттар саны азаяды.
  • Президенттің жақын туыстары жоғары лауазымдарда жұмыс істей алмайды. Бұл өзгеріс Конституцияда жазылады.
ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
  • Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау күшейтіледі. Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады.
  • Уәдесіне тұрмаған депутаттар кері қайтарылады. Қазақстан халқы ассемблеясының депутаттары Мәжілестен кетіп, Сенатта отыратын болады.
  • Конституциялық сот құрылады. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беріледі.
  • БАҚ туралы заң қайта қаралады. Жолдауында Президент еліміздің журналистеріне сенім білдірді.
  • Ұлттық сенім кеңесі өз жұмысын тоқтатып, оның орнына Ұлттық құрылтай құрылады. Құрылтайға қарапайым жұмысшыдан кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер де мүше бола алады.
  • Елімізде партия тіркеу рәсімі жеңілдейді. Партияларды тіркеу шегі төрт есеге азаяды.
  • Елімізде 17 облыс болады. Жезқазған қаласы Ұлытау облысының орталығы болады. Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу облысы құрылады — орталығы Талдықорған. Семей қаласы Абай облысының орталығы болып, тозығы жеткен қала жөнделеді. Егерде халық қолдаса, Қапшағай Қонаев қаласы болып өзгереді.
  • Әкімдердің үш, кейір жағдайларда төрт ғана орынбасары болуы керек. Президент осы өзгерісті тезірек қолға алу үшін Президент әкімшілігіне тапсырма берді.
ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
  • Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізіліп, 20-дан астам Заң қабылданады.
  • Украинадағы жағдай еліміздегі азық-түлік бағасына әсер етті. Осы орайда Президент егін жұмыстарын сапалы жүргізу керек екенін айтты.
  • Президент дүрбелеңге себеп жоқ екенін тілге тиек етіп, бізде қажетті қор мен құралдың бар екенін айтты. Үкіметке, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бұл бағытта батыл шаралар қабылдауды тапсырды.
  • Жолдауының соңында жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров