Қазақстан

Тоқаев: "Елімізді қорғап қалу жолында жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын"

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы мемлекетімізді қорғап қалу жолында жауапкершіліктің бәрін мойнына алуға дайын екенін алға тартты.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы, еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі — бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметі түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын", — деді Президент.

"Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын. Қастерлі отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік бола берсін" деп сөзін түйді Мемлекет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров