Үй жануары

Ақтөбеде мысықты пышақтап тастаған жігіт ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pixabay

Ақтөбеде "Скоттеш Страйт" тұқымды мысықты пышақтап тастаған 25 жастағы жігіт ұсталды.

Үй жануарының иесі мысығының пышақталғанын көріп, №2 қалалық полиция бөліміне арыз түсірген, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, белгісіз біреу мысығына суық қару сұғып алған. Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол масаң күйде болғанын, сондықтан ешқандай себепсіз мысықты пышақтап тастағанын айтты.

Қазір ҚК-тің 316-бабы 1-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бойынша, қылмысы дәлелденген күдіктіге 120 АЕК айыппұл салынады немесе жүз жиырма сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ отыз тәулікке қамалуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров