Су тасқыны

Түркістан облысында толассыз жауған жауыннан ауылдарды су басты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Мақтараал ауданы әкімдігі

Түркістан облысындағы Мақтаарал мен Жетісай аудандарындағы көптеген ауылдарды су басты.

Толассыз жауын салдарынан үйлердің аулалары мен қоралар су астында қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Мақтараал ауданы әкімдігіМақтараал ауданы әкімдігі
Мақтараал ауданы әкімдігі

Су астында қалған елдімекендердің видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Түркістан облысы әкімдігіндегілердің мәліметінше, өңірде жыл сайынғы орташа жылдық нормадан 161% асатын маусымдық жаңбыр жауған. Салдарынан соңғы 5 күнде Мақтаарал және Жетісай аудандарының бірнеше ауылының 149 аула аумағын су басты.

"Табиғаттың тосын мінезімен күресу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 124 маманы мен әкімдік қызметкерлері және 24 техника жұмыс істеп жатыр. 55 мотопомпа 16 мың текше метрден астам суды сорып алды. Осы уақытқа дейін екі ауданда 32 ауланы құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай облыс әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Үйлерді су басу қаупі жоқ", — деді облыс әкімдігіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, оған жақын орналасқан Қазақстанның Мақтаарал ауданындағы бірнеше ауылды су шайып кеткен болатын.

Экспресс К бұған дейін толассыз жауған жауын салдарынан Шымкенттің бірқатар көшелерін су басқаны туралы жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров