Newscorr

Newscorr: Мародерлар мылтық ұрлап, онымен дәріхана тонады

Экспресс К

Видеодан кадр

Қаңтар оқиғасы кезіндегі әлі жарияланбаған бейнежазбалар тарап жатыр. Экспресс К оқырманы редакциямызға жолдаған видеода мародерлар мылтық ұрлап оған қоса дәріхананы да тонап кетті.

Оқиға қаңтардың 5-нен алтысына қараған түні Алматы қаласында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жіберген автордың айтуынша екі жігіт алдымен Әуезов ауданы, Шаляпин көшесіндегі қару-жарақ дүкенін тонаған. Одан соң жақын маңдағы дәріхананың есігін қиратып ішке кірді.

Бейнежазбада сыртқы есіктің құлпын мылтықпен 5-6 мәрте атқылап, әрең ашқандары көрініп тұр. Одан соң ішкі есіктің әйнегін қиратып дәріхананың ішіне енеді.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров