Қылмыс

Ұсталған олигарх Қайрат Боранбаев Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Ержан ШАЙЖАН

Қайрат Боранбаев

Кеше ғана Алматыда қолына кісен салынған Қайрат Боранбаев бүгін арнайы ұшақпен елордаға жеткізілді.

Танымал кәсіпкерді Қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстаған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Кaztag.kz басылымының жазуынша, Қайрат Боранбаев астанаға Қазақстанның құқық қорғау органдарына тағайындалған Як-42Д ұшағымен жеткізілген. Әзірге бизнесменге қандай айыптар тағылғаны белгісіз. Тергеу амалдарына қатысты да нақты ақпараттар жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров