Президент

"Сырт киім кию керек еді". Тоқаевтың Парламентке келген сәтінің видеосы шықты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына келген сәтінің бейнежазбасы пайда болды.

Бейнежазбаны Президент баспасөз қызметінің Telegram каналаны жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет басшысын Парламент ғимаратының алдында Сенат пен Мәжіліс спикерлері, Мемлекеттік хатшы және Президент әкімшілігінің басшысы күтіп алды.

Президент қызметтік көлігінен түсіп, сәлемдеседі. Олардың жеңіл киініп алғанын бірден байқайды.

Сырт киім кию керек еді,

— дейді Мемлекет басшысы.

Осы сәтте күтіп алғандардың бірі ауа райы жылы екенін алға тартады.

Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады.

Президент Жолдауда өзін биліктен кетіргісі келгендердің арасында белгілі адамдар бар екенін айтты. Бұдан өзге Мемлекет басшысы дүрбелеңге себеп жоқтығын, елімізде қажетті қор мен құралдың бәрі бар екенін атап өтті. Және де Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетімізді қорғап қалу жолында жауапкершіліктің бәрін өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров