Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас келінін ұзатып алды

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/mirra_01

Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар Нұртас ақ құсын қолына қондырды.

Қалыңдықтың ұзату тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/gulziraaidarbekovainstagram.com/gulziraaidarbekova
instagram.com/gulziraaidarbekova

Осылайша белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ене атанып, шаңырағына келін түсірді. Тойды танымал әнші әрі сазгер Нұрлан Еспанов тізгіндеді. Ал әнші Абай Бегей мен жұлдызды жұп Мирас пен Құралай болса хит әндерімен қонақтарды орнынан тұрғызып билетті.

Осыдан екі күн бұрын Гүлзира үшінші келінінің құлағына сырға салып, құда түскен болатын. Продюсер тіпті желі оқырмандарына құдаларына әкелген базарлығын көрсетіп, мақтанған еді. Ол көпшіліктің көзінше құдағиына 3,5 миллионға бағаланатын қымбат қаракүзен тон кигізді.

Ұзату тойға Қайрат жары Жұлдызсыз келді. Экспресс К бұған дейін Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы ажырасып кетті деген сұраққа пікір білдіргенін жазды. Продюсердің айтуынша, ұлы мен келінінің арасына іріткі салушылар түскен. Сонымен қатар, кей адамдар ене мен келін арасына да от салып, айтақтап отырады екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров