Newscorr

Newscorr: Көлікті де, көпірді де қиратты

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматыда жас жігіт жалға алынған көлікпен апатқа ұшырады. Ол өзендегі көпірді де қиратып кетті.

Көпір жиегінен асып кеткен автокөлік өзенге құлағанымен жүргізушісі аман қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автордың айтуынша көлік Медеу шатқалы жақтағы қыраттардан төмен түсіп келе жатқан. Жылдамдықты қатты асырған жас жігіт рөлге ие бола алмай көпір жиегіндегі металл қондырғылардың дымын қалдырмай қиратқан күйі машинамен суға түсіп кеткен. Бейнежазба авторы жүргізуші аман дейді.

Volkswagen Polo автокөлігі "каршеринг" желісі арқылы, яғни бірнеше сағатқа жалға берілген машина екен. Қазір бұл жол-көлік апатының мән-жайымен полицейлер айналысып жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша соңғы кездері жастар арасында жеке адамдардың болмаса мекеменің машинасын 2-3 сағатқа жалға алып апатқа түсетіндердің саны күрт өсіп кеткен. Жүргізуші куәлігін жаңадан ала сала машина айдап үйренгісі келетіндер де сөйтеді екен. Ал көлікті жалға берушілер үшін адамның жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігі болса жетіп жатыр.

Экспресс К бұған дейін Қызылордада полиция офицері жаяу жүргіншіні көлікпен қағып өлтіргені туралы жазған болатын

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров