Партия

"Адал" партиясы "Аманатқа" қосылды

Ержан ШАЙЖАН

"Адал" саяси партиясы жақында ғана атауы өзгерген "Аманат" партиясымен бірікті.

Бұл туралы бүгін партияның жиналысы кезінде айтылды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Кедейлікпен қалай күресеміз, өңірлерді қалай дамытамыз? Бүгінгі күннің басты сұрағы осы. Өзгерісті ел ертең емес, дәл бүгін күтіп отыр. Осы бойынша екі партия бас қосып, ортақ келісімге келді. Бізге қолдап, дауыс берген ел бар. Бірақ келесі сайлау қашан болады және Адал партиясы ол кезде өте ме , өтпей ме?! Сондықтан біз осы идеяларды жүзеге асыру үшін бізге нақты бір тетік, рычаг керек. Ертең партияның үлкен сьезі өтеді, сол жерде әңгіменің нүктесі қойылады", — деді Адал партиясының саяси кеңесінің мүшесі Мақсат Толықбай.

Партия 2013 жылы "Бірлік" деген атаумен тіркелген болатын. Бірақ кейін атауы "Адал" деп өзгертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров