Шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова сахнада ән салып тұрып, аяғын көкке көтерді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhunusova.makpal

Халық артисі Мақпал Жүнісова сахнада ерсі қылық көрсетті.

Өнер иесі халық әні "Еркем-айды" шырқап тұрып, аяғын көкке көтерді, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/zhunusova.makpalinstagram.com/zhunusova.makpal
instagram.com/zhunusova.makpal

Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбада Мақпал сахнада ән салып жүр. Сахнада өзін еркін сезініп, ән шырқап жүрген әнші сахнаның тура ортасына келген кезде оң аяғын көкке көтеріп қалады. Осы сәтті видеоға түсіріп тұрған "Алатау серілері" тобының жігіттері Халық артисінің ерсі қылығына күліп жібереді. Ал Жүнісованың өзі болса бұл әрекетін концертке дайындық кезінде "байқамай" жаттығу жасап қойғанымен түсіндіреді.

Шпиондар алыстан түсіріп алыпты, дайындықта жаттығу жасап қойыппын,

— деп ақталды Мақпал Жүнісова.

Экспресс К бұған дейін белгілі журналист дүрбелең сәтте кеш өткізбек болған әншілерді сынағанын жазды. Солардың арасында Халық артисі Мақпал Жүнісова да бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров