Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаева Жолдаудан кейін жыр арнады

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com/aidyn_nury

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауынан кейін, танымал айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева жыр жазды.

Бұл туралы ақын өзінің instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жолдауда еліміздің шығыс өңірінде Абай және Ұлытау облыстары құрылатыны, ал Қапшағайға Қонаевтың есімі берілетіні айтылды. Бұл жаңалықты естіген танымал айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева қуанышын жыр жолдарымен жеткізіпті.

"Қайран да менің Абайым,

Киелі алтын сарайым.

Сұп-суық аты Семей боп,

Өскемен жаққа өгей боп..

Жетімсіреп көрдіңдер,"

— деп басталады өлең жолы.

instagram.com/aidyn_nuryinstagram.com/aidyn_nury
instagram.com/aidyn_nury

"Өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырды, Қасым-Жомат ағайым" деген ақын, өлеңнің соңын "қайырлы болсын Ұлытау, Ұлтымның ұлы ордасы" деп аяқтапты.

Сонымен қатар, ақын желі қолданушыларына ыстық ықыласын білдірген.

Науқас балаларға 300 миллионды үш күнде жинап берген оқырмандарыма "Халқымыз үшін енді керемет сүйіншілер келеді, осынша садақаның қайыры ерекше болады" деп айтып едім ғой. Лайым, тек сүйінші сұрап қуанып жүрейікші. Қуанышымыз ұзағынан болсын,

— деп жазыпты ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі ақынға риза болса, енді бірі "жылағым келіп кетті ғой" деп көңілшектік танытыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров