Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан билікке баруды көздейді

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Мұхтар Тайжан/parlam.kz

Қоғам белсендісі ол үшін бүгіннен бастап партия құруға кірісетінін мәлімдеді. Бұл шешімі туралы Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жаңа саяси ұйымның негізгі бағыты мен ұстанымы жайлы ол алдағы уақытта жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К

Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін билік , яғни бүгінгі залда отырғандар — Мәжіліс, Сенат және үкіметтің 80-90% сөзсіз ауысу керек,

— дейді ол.

Жаңа партияға "Жер қорғаны" атауы берілмекші екен. Бұған дейін де ұзақ жылдар бойы Мұхтар Тайжан жер мәселесіне қатысты проблемаларды көтеріп келген болатын.

Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділері парламент пен мүлдем жаңа үкіметте табылып, елімізде өтірік емес, шынайы реформаны енгіземіз,

— деп жазды ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров