Сәуле Әбілдаханқызы

Елімізде кілең әйелдерден тұратын партия пайда болуы мүмкін

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Pixabay

Мұндай партияны құруға журналист Сәуле Әбілдаханқызы ниетті. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол барлық қазақ әйелдерін бірігуге шақырды.

Ең алдымен ол саяси ұйымды тіркеуден өткізуге көңіл бөлмекші, деп хабарлайды Экспресс К

instagram.com/saule_abedinovainstagram.com/saule_abedinova
instagram.com/saule_abedinova

"Ақжүніс" әйелдер партиясын құрамын! Барлық қазақ әйелдері, бірігіңдер!

Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз,

— делінген жазбада.

Журналист бірнеше жыл бұрын "Ақжүніс" қоғамдық бірлестігін құру кезінде алдынан шыққан кедергілердің болғанын айтыпты. Тіпті ұйымды тіркейтін мекен-жай таппағанын жазған.

Қырық туыс, жүз досқа жалындым. "Зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын" деп, ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім. Әйелдер партиясын тіркеуге қоятын адам табыла ма екен ?,

— дейді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров