Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаевтың ұсталған сәтінен видео жарияланды


Қайрат Боранбаев/Видеодан кадр
Олигарх, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевтың ұшақтан түскен сәтінің видеосы пайда болды. Нұр-Сұлтанға оны күштік құрылым өкілдері бүгін жеткізді.
Боранбаевты Қаржы мониторингі агенттігі кеше ұстаған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.
Танымал кәсіпкердің ұшақтан түскен видеосы Не хабар? Telegram арнасында пайда болды. Онда қолына кісен салынған Қайрат Боранбаевты бетін тұмшалаған күштік құрылым өкілдері жетектеп, көлікке отырғызып жатыр. Олигарқа әзірге қандай айыптар тағылғаны белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны туралы Экспресс К бұған дейін бірнеше материал жазды.
Бөлісу