Newscorr

Newscorr: Түркістан облысындағы ауылдарды әлі топан су басып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Түркістан облысының Мақтарал және Жетісай аудандарындағы елдімекендерді су басып жатыр. Коммуналдық мекемелер жаңбыр суын арнайы техникалармен сорып алып жатқанымен көптеген тұрғын үй су астында қалған.

Мамандар бұл жағдайды тек жаңбыр суы ғана емес, жерасты суларымен де байланыстырып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған тұрғынның айтуынша жазық елдімекендердегі судың деңгейі жарты, ал ойда орналасқан ауылдар да 1 метрге дейін көтеріліп кеткен.

Қазір жергілікті төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, қосымша техникалар мен жүздеген адам жұмылдырылып жатыр. Мамандардың айтуынша жаңбыр көп жауып, жерде ылғалдылық мол болғандықтан жерасты сулары да көтеріліп кеткен. Соның салдарынан көптеген елдімекендердегі су деңгейі әлі түспей тұр.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров