Ресей

Ресейде гигиеналық заттар таусылды. Оның ішінде "прокладка" мен "тампон" да бар

Олжас НҰРЖАҚЫП

twitter.com/blablakatia

Ресейде жаппай салынған сансыз санкциялардан кейін жеке гигиеналық заттар таусылып жатыр.

Салдарынан баға шарықтап, әйелдер қауымы әбігерге түскен, деп хабарлайды Экспресс К.

Ресейге жаппай салынған санкциялардан кейін нарықта сұранысқа ие бірқатар тауарлардың таусылуға шақ қалғаны жиі айтылуда. Оbozrevatel ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, сауда дүкендеріндегі сөрелерден жеке гигиеналық заттар жоғалып барады. Әсіресе шетелден келетін "тампон" мен "прокладканың" бағасы аспандап кеткен.

Tide, Lenor, Fairy, Ariel, Pampers, Always, Gillette, Head & Shoulders, Blend-a-med сынды брэнд тауарлардың құны соңғы күндері 40-43%-ға қымбаттапты. Оның өзі таусылуға жақын. Санкциядан кейін елдегі бірқатар ірі зауыт жұмысын тоқтатты, әрі экспорт шектелді.

Деректерге сүйенсек, Ресейде шамамен 80 миллионға жуық әйел бар екен. Қазіргі дамыған заманда аталған гигиеналық тауарлардың маңыздылығы жоғары. Мedialeaks сайтындағы жазбада, тіпті дефицитке байланысты гигиеналық заттарды сатып алуға шектеу қойылыпты. Салдарынан наразылығын білдірген нәзік жандылар саны артып келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров