Тас жол

"ҚазАвтоЖол": ШҚО-да бірқатар тас жол жабылды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстағы екі тас жол жабылды.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

16 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары" тас жолының 420-450 шақырымында, сондай-ақ Берел-Рахман қайнарлары учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды,

— делінген хабарламада.

Telegram-каналда жарияланған видеода Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары тас жолының 438 шақырымында сайдан көшкіннің құлағаны, қазіргі уақытта жолдың тазатырылып жатқандығы баяндалады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров