Қазақстаннан 400 мың доллардан астам ақшаны әкетпек болғандар ұсталды


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Шекарашылар Алматы әуежайындағы заңсыз әрекеттің жолын кесті.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.


"Президенттің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау шеңберінде 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Ақшаның бір бөлігін қос түбі бар сөмкеге жасырған", — дел мәлімдеді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.


2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.


ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.
Бөлісу