Жер асты дүмпу

Жапонияда жойқын жер сілкінісінен кейін 2 млн-нан аса үй жарықсыз қалды (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Елдің солтүстік-шығысында болған зілзала салдарынан цунами қауіпі туралы ескертілді.

73, баллдық жер асты дүмпуі осындан 11 жыл бұрын Фукусимадағы ядролық апатты тудырған ірі жер сілкінісі болған аймақта тіркелді, деп хабарлайды Экспресс К BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ел билігінің мәліметінше, жер сілкінісі 17 наурыз күні сағат 23:36 шамасында болды. Зілзала салдарынан 90-ға жуық адам жарақат алып, екі адам мерт болды.

Токиода шамамен 700 000, Жапонияның солтүстік-шығысында 156 000 тұрғын үй апаттан кейін жарықсыз қалған. Кейін көбі қалыпқа келтірілді.

Жапонияның солтүстік-шығысында зілзала кезінде үстіне заттар құлап бірнеше адам зардап шекті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Сома қаласында алпыстағы бір адам 2-ші қабаттан құлап қайтыс болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров