Грузия

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің делегациясы Грузияға барды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Еліміздің Ішкі істер министрлігінің кадр қызметі мен ведомстволық оқу орындарының қызметкерлері өздерінің грузин әріптестерінің ведомстволық білім беру жүйесін ұйымдастыру мәселелерін зерттеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Грузияның ІІМ Академиясы, ІІМ қызмет көрсету агенттігі, Бірыңғай сервис орталығы және Грузия ІІМ орталық аппаратының бірқатар департаменттерінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Экспресс К Polisia.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Тбилиси қаласының Полиция департаментіне және 112 қоғамдық Қауіпсіздік басқармасының Жедел орталығына бару жоспарланып отыр.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Бұл іс сапар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп іске асырылып жатқан "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын реформалауға жәрдемдесу" жобасы аясында ұйымдастырылды.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері үшін қашықтықтан оқыту платформасын әзірлеу, еліміздің ІІМ жоғары оқу орындарында даярлаудың оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, сапар аясында кадрлық процестерді автоматтандыру бойынша халықаралық және озық тәжірибелермен танысу бағытындағы іс-шаралар қарастырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров