Көпбалалы ана

Көпбалалы ананың көлігін ұрлаған ер адам ұсталды

Экспресс К

Видеодан кадр

Күдікті 28 жастағы Алматы облысының тумасы болып шықты. Тексеріс барысында оның тағы да үш көлікті ұрлағаны анықталды.

Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың мәліметінше ер адам тек "Mazda" көлігін ұрлауға маманданған, деп хабарлайды Экспресс К. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесе жұмыс істей отырып күдіктіні әшкереледі,

— деп жазды Рүстем Әбдірахманов.

Іnstagram.com/rustam.abdrakhmanov_

Көлікті ұрлаған күдікті де, оны сатып алушы да ұсталды.

Күдікті ұрланған көлікті Есік қаласына алып келген. Ал сатып алушы оның ұрланғаны біле тұра сатып алмақшы болған. Екеуі де кінәларын мойындады,

— делінген жазбада.

Ер адам бұдан бөлек "Март" сауда орталығының тұрағынан екі көлікті, базар тұрағынан тағы бір көлікті ұрлап кеткен. Ол көліктерді құлыпты ашып, қозғалтқышты іске қосатын арнайы құралмен ашқан.

Қазіргі уақытта күдіктілер Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу Түрксіб аудандық ПБ-ның тергеушілеріне тапсырылды. Қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауында болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров