"Қазгидромет": Тұман түсіп, көктайғақ болады

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы өңірлерінде тұман түседі. Сондай-ақ, солтүстік-шығысында, желдің екпіні секундына 23 метрге күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, шығысында жел секундына 15-20 метр күшпен соғады. Костанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталығында бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15-20 метр екпінде жел соғуы ықтимал. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел секундына15-20 метрге күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында, Атырау облысының батысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров