Әже

83 жасында алғаш рет маникюр жасатқан әже елді сүйсіндірді

Фархат ӘБІЛОВ

Видеодан кадр

83 жасында алғаш рет маникюр жасатқан әже әлеуметтік желі оқырмандарын сүйсіндірді.

Ол осыған дейін бірде-бір рет маникюр жасатып көрмеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Қолына білезік таққан 83 жастағы кейуана тырнақтарын егеп, оған өскен етті алдыртып, маникюр жасатады. Әжейге бұл ұнаған сыңайлы. Бейнежазба соңында қолын бұлғайды.

Шағын бейнежазбада "Асыл әжем" әні жүріп, желі қолданушыларының жүрегін одан сайын елжіретті. Олар кейуанаға ұзақ ғұмыр тіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров