Жедел жәрдем

"Жемқорлықтың кесірі". Атырауда жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалды

Фархат ӘБІЛОВ

Видеодан кадр

Атырауда балшыққа батып қалған жедел жәрдем көлігі көпшіліктің ашуын туғызды.

Желі қолданушылары 2022 жылға дейін жол салмаған қалалық әкімдікті сынап, тіпті қарғады, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау қаласының құрамына кіретін Алмалы ауылына шақыртуға барған жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалып, фельдшерлер науқасқа жаяу, аяқтары лас болып барған. Ал балшыққа батқан медициналық көлікті көрген тұрғын осыған дейін жол салып бере алмаған әкімдікке ашуланып, видеоға түсіріп алған.

16 наурызда жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалды. Оны шығара алмай жатырмыз. Әкімдік биыл да жол жоқ деп отыр. Ауылда қандай көлік бар, келіңдер, жедел жәрдемді шығарып жіберейік,

— дейді бейнежазбаны түсірген ер адам.

Кейін ауылдастары келіп, көлікті балшықтан шығарып жіберген. Атырау облыстық Жедел-жәрдем станциясының баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, олар күніне 700-ден астам шақыртуға барады екен. Жаңбыр жауса, көліктер балшыққа батып қалып, кейбір шақыртуларға кешігіп жететіндерін де жасырмайды.

Дәл осындай жағдай қаладағы Балауса ықшамауданының тұрғындарына да таныс. Жол салынбаған көшеге келген жедел жәрдем көлігі бірнеше рет батып қалған. Тұрғындар жол салып бере алмаған әкімдікке наразы.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары әкімдікті айыптады. Олар "Атыраудың шенеуніктерінің үйінің алды осылай балшық болса көрер едім", "Жаңа Қазақстанды балшыққа батқан жедел жәрдем көлігімен қарсы алдық", "Жемқорлықтың зардабын науқастар тартып жатыр" , "Әкімдіктегілер ауырғанда, дәрігерлер осылай балшыққа батып қалсын" деген пікірлер қалдырып жатты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров