Мектеп
Ұстазын боқтаған оқушының анасына айыппұл салынды


Коллаж ЭК
Талдықорғанда мұғаліміне мінез көрсетіп, былапыт сөз айтқан оқушыға қатысты сот шешімі шықты. Қаладағы №4 мектептің 9-сынып оқушысының анасына баласын дұрыс тәрбиелемегені үшін айыппұл салынды.
Мектептегі келеңсіз жағдай 11 наурызда болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Ұстазына доқ көрсетіп, боқтаған оқушының анасына ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 42 мың теңге айыппұл салды.
Оқи отырыңыз:
Ұстазын боқтаған оқушыға қатысты мамандар не дейді?
Министрлік сабақ кезінде мұғалімді боқтаған оқушыға қатысты пікір білдірді
Бұдан бөлек балаға да ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалып, 5 АЕК (15 мыңнан астам) айыппұл салды. Бұл айыппұлды да оқушының анасы төлейді.
Бөлісу