Қостанай облысының тұрғыны көрші әйел мен оның 4 жасар баласын өртеп жіберді


Pixabay
Аса ауыр қылмыс Рудный қаласында тіркелді. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімшесінде жатыр.
Бұл туралы Қостанай облысының ПД бастығы Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.
Полицияда көп жыл жұмыс істеп, әртүрлі нәрселерді көрдім. Бірақ бұл жағдай жағамды ұстатты,
44 жастағы ер адамның көршілерінің есігін қағып, мазасын алғаны туралы хабарлама полицияға кеше, яғни 16 наурызда түскен. Сол кезде ашулы азамат 32 жастағы көрші әйел мен оның кішкентай баласын керосин құйып өртеп жіберіпті.
Аталған дерек бойынша полиция "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысты тергеуді жеке бақылауыма алдым,
Бала қатты зардап шеккен, күйігі — 40 пайыздан астам. Ал анасының қолы күйген. Бұл жағдайдың көршілер арасындағы жанжалдан туындағаны анықталды.
Бөлісу