Қазақстан жаңалықтары
Елімізде Сбербанк карталарының жұмысы шектеледі


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Елімізде 18 наурыздан бастап Сбербанк карталарының жұмысы шектеліп, қолайсыздықтар болады.
АҚШ-тың Ресейге салған санкциясының салдарынан осындай қолайсыздықтар басталғалы жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
18 наурыздан бастап MasterCard, 20 наурызда Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Сбер карталарынан басқа банктердің картасына ақша аудару жағынан шектеу болады. Басқа банктердің банкоматтарынан ақша алынбайды,
Сбербанк желісінің өз ішінде барлығы сол күйінде қала береді. Қазақстан бойынша және банктің өз ішінде істей береді.
Оқи отырыңыздар:
Бұрынғыдай СберБанктің POS-терминалдары арқылы төлем жасай беруге болады. Банкоматтарда ақша беріледі. Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар мен төлемдер жасалады.
Бөлісу