Айдос Сарым

Сынаушылар билік пен мемлекетті шатастырмауы керек – Айдос Сарым

Олжас НҰРЖАҚЫП

Айдос Сарым

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Президент жолдауын сараптау барысында билік пен мемлекетті шатастырмау керегін айтты. Оның ойынша билік бөлек, мемлекет бөлек.

Сондай-ақ, ол осы күнге дейін халықты алдап, шатастырған белсенділердің кешірім сұрайтын уақыты жеткенін де сөз етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Орталық комунникациялар қызметі алаңында бірқатар мамандар Президент жолдауын сарапқа салды. Алдымен сөз алған Айдос Сарым Мемлекет басшысының әр сөзі заң іспетті дей келе, билікті сынаушылар бір нәрсені түсініп алуы керектігін айтты.

"Билікті, заңды сынап жатамыз. Бірақ мынаны ескеру керек. Билік бөлек, мемлекет бөлек. Біздің шенділер мемлекетті жекешелендіруді қою керек. Есесіне биліктің сыншылары билік пен мемлекетті шатастырмауы тиіс сияқты. Әкімге, министрге, Президентке тас атамыз деп мемлекетке тас атуға қақымыз жоқ. Онсыз да мемлекеттен айырылып қала жаздадық қаңтар кезінде. Сондықтан осыны ескеру керек. Партия құрам дегендер құрсын, нарыққа шықсын. Біз кез келгенімен ой жарыстыруға, сөз таластыруға дайынбыз", — деді депутат.

Сондай-ақ, ол қазір популизм емес, әркім өз ісімен айналысатын уақыт келгеніне де тоқталды. Әрі билік сыншыларына ескертуін жеткізді.

Халықты адастырып, шатастырып, неше түрлі өтірік айтқан адамдар егер өзін шыншыл, адалмын деп санаса, біздің алдымызда немесе кем дегенде өзінің аудиториясының алдында кешірім сұрауы керек сияқты. Біз шатастық, халқымызды басқа жаққа бұрмаймыз деп,

— дейді Айдос Сарым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров