Газ

Ақтауда үй ауласындағы газ құю бекеті тұрғындар шағымынан соң жұмысын тоқтатты

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Ақтауда тұрғындар шағымынан кейін үй ауласында тұрған газ құю бекеті алынып тасталды. Ұзаққа созылған даудан кейін аталған нысан жұмысын тоқтатып отыр.

Жұрт 19-ықшамаудандағы үйлердің ауласында тұрған газ бекетін алып тастау туралы бұған дейін бірнеше рет шағым түсірген, деп хабарлайды Экспресс К.

"19-ықшамаудандағы 15-үйдің тұрғындары газ құю бекетін алып тастауларыңызды сұраймыз. Бұл жерде оқыс жағдай болып қалмасына кім кепіл? Қала әкімдігінен осы мәселені оңтайлы шешіп беруді сұраймыз", — деген болатын мәселе көтерген тұрғындар.

Екі жылдан бері бірнеше рет айтылғанымен мәселені шешу ұзаққа созылды. Бұған дейін тұрғындар газ құю бекетінің ішінде қызметкерлер от жағып, кәуап пісіргенін де айтып шағымданған.

Дегенмен, бұл талап наурыз айында әкімдік тарапынан қанағаттандырылып, түйткілді жайтқа біржола нүкте қойылды. Қала әкімдігі 19-шы ықшамаудандағы газ бекетінің мәселесіне қатысты иесімен бірнеше рет кездесу өткізіп, енді бұл жерге "коммерциялық нысандар салынады делініп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров