Сенаттың тағдыры енді не болады? Депутаттар жауап берді


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Кеше Президент өз жолдауында "Мәжіліс заңды өзі мақұлдап, Сенат тек қабылдау-қабылдамауды шешеді" деген өзгеріс енгізілгенін айтқан болатын.
Енді жоғары палатаның құзіреті шектеле ме? Осыған байланысты Экспресс К тілшісі сенаторлар Ақылбек Күрішбаев пен Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірін білген еді.


Біз бір-біріміздің жұмысымызды қайталамаймыз. Керсінше, толықтырып отырамыз. Заң сол бұрынғыдай Мәжілісте мақұлданып, Сенатта қабылдана береді. Өзгеріс болмайды,
Оның айтуынша, мемлекеттің тұрақты дамуы үшін осындай жүйе болуы керек. Ол дамыған елдердегі қос палаталы Парламенттің функциясы біздің Мәжіліс пен Сенатқа ұқсас деп отыр.
Екі палаталы Парламент әлемнің 40 елінде бар. Жалғыз Қазақстан емес. Көрші Өзбекстанды айтпағанда дамыған Италия, Германия, Франция, Польшаның өзі осы тәжірибеге сүйенеді. Олар неге олай істеп отыр? Өйткені баланс болуы керек,
Мемлекет басшысы өз жолдауында Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдағанын айтқан. Депутат осыған қатысты да ойын білдірді.
Меніңше, бұл дұрыс шешім болды. Енді Сенатқа Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар келеді. Әлемде жүйе осындай. Дамыған елдердің тәжірибесін қолданып отырмыз,
Ал Мұхтар Құл-Мұхаммед бәрібір соңғы сөзді өзіміз айтамыз деп отыр.


Ресейдің жоғарғы палатасы — Федерация кеңесі (Совет Федерации) заңдарды талқыламайды. Шешім қабылдап отырады. Сондықтан бізде де негізгі заңдарды Мәжіліс талқылап отырады. Бірақ соңғы сөзді Сенат айтады,
Ол Сенаттың беделі төмендеген жоқ, қайта көтеріледі деп отыр. Өйткені кеше Президент Конституциялық сот құруды ұсынған. Енді оның төрағасын тағайындауды Сенатқа жүктеген. Сол себепті жоғарғы палатаның құзіреті қайта күшейіп жатыр деп санайды.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін төменгі палата депутаты Еділ Жаңбыршин заңдарды Сенатқа жібермей-ақ, Мәжілісте қабылдай беру керек деген болатын.
Бөлісу