Мектеп

"Ертең құласа, сәлем айт!" Қазалыда балалар қаусап тұрған мектепте оқиды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

facebook

Қызылода облысының Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы мектептің мұғалімі дабыл қақты. Оның айтуынша, білім ұясының қабырғалары қақырап, төбесі ортасына түсіп кетуі мүмкін.

Бірақ соның өзінде қазір білім ұясында 300-дей оқушы білім алып жатыр екен, деп хабарлайды Экспресс К.

© Ахмедия ТӨЛЕШОВ© Ахмедия ТӨЛЕШОВ
© Ахмедия ТӨЛЕШОВ

Ауыл мұғалімі Ахмедия Төлешов мектеп ғимаратында балаларды оқыту күннен-күнге қауіпті болып барады дейді. Ұстаздың айтуынша, уақыт өткен сайын қабырғадағы жарықтардың арасы ашылып жатыр. Оның үстіне ғимараттың жарылған қабырғалары көбейген.

Мектеп ғимараты апатты деген қорытындыны қараша айында берген. Бұған өткенде мәслихат депутаттары да келіп көз жеткізді. Қазір мектепті жауып тастау керек. Қорқынышты. Ертең төбесі балалардың үстіне түссе, не болады?

— дейді ұстаз Ахмедия Төлешов

Ұстаздың айтуынша, бұл мәселе қайғылы жағдайға әкеп соқтырмай тұрғанда мектепті жауып тастау керек.

Мұғалім желідегі парақшасына мектептің тоз-тозы шыққан жертөлесінің бейнежазбасын жариялады. Ең сұмдығы, онда жертөленің жабындысы құламас үшін бір ғана кірпішпен бекітіліп тұрғанын көруге болады.

Бетонды мына кесек қана ұстап тұр. Бұл құласа, онда сәлем айт. Сәлем айттың көкесі сонда болады.

— дейді мұғалім жазбасында

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің айтуынша, білім ұясының іргесі 1984 жылы қаланған. Мектеп әу баста дұрыс салынбаған дейді ол. Қазір іргетасы жерге кіріп, қабырғалардағы жарық содан болғанын айтады. Ауыл балаларының апатты мектепте білім алып жатқанынан облыстық білім басқармасындағылар да, әкімдер де хабардар екен.

Аудандық білім бөліміндегілер мектептің жарамсыз болып тұрғанын жеткізді. Сондықтан ауылға жаңа мектеп салу жоспарда бар.

Эксперттік қорытынды тиісті орындарға жолданып, хабардар етілген.

Сондықтан, ауылдан жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер белгілеу мен ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржы есептеліп, қазіргі уақытта бюджеттік өтінім ұсынуға дайындалуда.

дейді білім бөлімінің қызметкерлері

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров