Қазақстан

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының ашылғанына қуанған ана шашу шашты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Туристер үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын автобус бағыттарының ашылғанына қатты қуанған ана шекара бекетінде шашу шашты.

Оның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада иығына сөмкесін асынған кейуананың шашу шашып жатқанын көруге болады. Жерге шашылған тәттілерді ондағылар теріп алып жатады.

Айта кетейік, 2020 жылы пандемияға байланысты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус қатынасы уақытша тоқтатылған болатын. Тура екі жылдан соң, 16 наурызда халықаралық автобус бағыты қайта жанданды. Екі ел арасындағы автобустар мына бағыттармен жүреді: Ташкент — Нұр-Сұлтан, Ташкент — Алматы, Ташкент — Қызылорда, Ташкент — Түркістан, Ташкент — Іргелі, Шыршық — Шымкент және Шыршық — Алматы.

Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, 16 наурыздан бастап көрші ел туристер үшін есігін айқара ашты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров