Өзбекстан

Өзбекстан ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындамады

Экспресс К

facebook.com

Өзбекстанның сыртқы істер минстрі Абдулазиз Камилов Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысқа байланысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, өзбек елі тек бейбітшілікті жақтайды және күштік агрессияға қарсы, деп хабарлайды Экспресс К.

Сондай-ақ министр Өзбекстанның ДХР және ЛХР деген атаумен құрылған республикалардың егемендігін мойындамайтынын айтты.

Біз кикілжіңнің бейбіт жолмен шешілгенін жақтаймыз. Әскерді қолдануға және агрессияға қарсымыз. Сонымен қоса Украинаға гуманитарлық көмек беруді жалғастыра береміз. Өзбекстан Украинаның шекара тұтастығын мойындайды,

деп мәлімдеді министр Абдулазиз Камилов

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров