Әлем аруы

"Ең сұлу!" "Әлем аруы – 2021" мәресіне жетті

Олжас НҰРЖАҚЫП

instagram.com/missworld

Пуэрто-Рикода әлемнің ең сұлу аруы таңдалды. Финалға өткен 40-қа жуық мемлекеттің ең әдемі қыздары тәж кию сынына түсті.

Осылайша қазылар алқасының шешімімен польшалық қатысушы Каролина Белявская әлемнің ең сұлу аруы атанып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/missworld

"Әлем аруы- 2021" жеңімпазының кім болғаны Іnstagram-дағы Мissworld парақшасында жарияланды. 100-ге жуық мемлекеттің сұлулары қатысқан сында Польшадан келген ару Каролина Белявскаяның мерейі үстем болды. Осылайша ол әлемнің 70-ші ең сұлу аруы атанып отыр.

instagram.com/karolinabielawska

22 жастағы бойжеткен менеджмент мамандығы бойынша магистратурада оқиды. Сондай-ақ түрлі қайырымдылық шаралармен айналысады. Оның құрған еріктілер тобы көбіне үйсіз жүрген адамдарды киім-кешек, тамақ, азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

"Әлем аруы- 2021" байқауының вице-миссі АҚШ-тан келген Шри Саиниге бұйырса, екінші орынды Кот-д'Ивуарлық сылқым Оливия Яс еншіледі.

Назерке Қарманова/©ЭК/Андрей ХАЛИН

Айта кетейік "Әлем аруы- 2021" байқауына еліміздің атынан "Қазақстан аруы 2021" байқауының жеңімпазы ақтөбелік бойжеткен Назерке Қарманова қатысқан еді. Әлемдік сынның финалы өткен жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус салдарынан биыл мәресіне жетіп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров