Владимир Школьник

Владимир Школьник аса қымбатқа алған мега-яхта су тегінге сатылды

Есен ҮРКІМБАЙ

Владимир Школьник

"Қазатомпром" АҚ-ына тиесілі яхта үшін кезінде 75 миллион АҚШ доллары жұмсалып, осы наурыз айында ол өзінің бастапқы құнының бес пайызына жетпейтін сомаға сатылды.

"Бәйтерек" деп аталатын қымбат мега-яхта екі жарым миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ratel.kz-тің жазуынша өндірушілердің ресми сайтында мега-яхта деп сипаттама берілген "Бәйтерек" деп аталатын су көлігі мемлекеттік электронды аукционда 894 миллион теңгеге сатуға шығарылған еді. Мұндай яхтаның бастапқы құны 5 миллиард 366 миллион теңге болған. Алайда алып кеме наурыз айында 1 миллиард 343 миллион 366 мың теңгеге сатылып кетті. Әзірге оны кімнің сатып алғаны белгісіз.

Кезінде Владимир Школьник "Қазатомпромды" АҚ-ын басқарған тұста толық аяқталмаған күйінде алынған, 2014 жылы 7,5 миллиард теңгеге қайта жөнделген. Алайда арада 8 жыл өткенде арзан бағаға сатуға тура келген. Оған бірнеше себеп айтылып отыр.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

"Кеме тұра берсе шығынға ұшырата береді. Қазіргі уақытқа дейін оған 7,5 миллиард теңге жұмсалды. Бұл шамамен 50 миллион АҚШ долларына тең. Салыстырмалы түрде айтсақ, 50 миллион долларға люкс кластағы "Сизарро" немесе "Олимпиа" секілді яхта алуға болады. 2014 жылғы бағаммен 55 миллион 555 мың 555 АҚШ долларына бағаланатын су көлігін ұстап тұру үшін бес жыл ішінде 20 миллион доллар жұмсалған. Ақыр соңында "Бәйтеректі" 2 миллион 639 мың 227 долларға сатуға мәжбүр болды", — деп пікір білдірген "Үлбі машина жасау зауыты" АҚ-ның өкілі Геннадий Бенницкий.

Мега-яхта қазақстандық ірі кәсіпорынның өкілдік функцияларын қамтамасыз етуге, халықаралық кездесулер, сондай-ақ ғылыми конференциялар өткізуге арналса керек. "Бәйтерек" қызметтік-разъезді кемесі Николаев бюросының ресми ресурсында барынша көркем сипатталған және Шығыс Қазақстанның су артериялары бойынша саяхаттауға болатын жағдайларды толық көрсетеді.

"Бәйтерекке" жұмсалған ақша жуырда Еуропада тәркіленген ресейлік олигархтардың яхталарына жете бермейді. Алайда мұхитта емес, облыс аумағындағы су қоймасында жүзіп жүрген мега-яхтаға жұмсалған шығын әркімді алаңдатары сөзсіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров