Бауыржан Байбек

Бауыржан Байбектің жер беру үшін шығарған шешімдері туралы айтыла бастады

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Бауыржан Байбек

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек қазір қамауда отырған кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа "Орталық стадион" маңынан жер алып беру үшін заң талаптарын бұзған көрінеді.

Бұл туралы заңгер Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Жазба авторының айтуынша, Алматы әкімдігі қабылдаған бұл қаулының кесірінен өзге кәсіпкерлер жапа шеккен, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматының дәл орталығында, Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін алу туралы қаулы 2017 жылы шығарылған екен. Бақытжан Базарбек бұл шешімнің заңдылығы көп күмән тудыратынын айтады.

Мемлекеттік мұқтаждық үшін деген желеумен бір кәсіпкерден жер телімін алып қойып, басқа бизнесменге, яғни Боранбаевқа берген. Әкімдіктің бұл шешімді қай заңға сүйеніп жасағаны түсініксіз. Толық қарап шықтым, мұндай қаулы шығаруға ешқандай негіз жоқ,

— деп жазады ол.

Бақытжан Базарбек егер де әкімдік өз қалауынша осындай шешім шығара беретін болса, онда заңның қажеттілігі шамалы екенін айтады.

Осы жағдайдың кесірінен өз меншігінен айырылып қалған қарапайым азаматтарға обал,

— дейді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров