Көлік

Қазақстандық көлік салондары мен зауыттарға ресейліктер жаппай кезекке тұруда

Экспресс К

© ТАСС

Ресейге Украинамен арадағы шиеленістен кейін сансыз санкциялар салынғаны баршаға белгілі. Тіпті шектеу салдарынан көптеген ірі көлік зауыттары өз жұмысын тоқтатты.

Шетелдік көліктерді тізгіндегісі келген Ресей азаматтары енді бұл санкциялардың шешімін Қазақстаннан тапқандай, деп жазады Экспресс К.

Соңғы уақытта отандық автосалондар мен зауыттарға ресейліктердің жаппай кезекке тұрғанын Total.kz сайты жазған. Қостанайдағы көлік құрастыру зауытының сату жөніндегі директоры Евгений Бибердің айтуынша, наурызда ақпан айына қарағанда сұраныс 10 есеге артыпты. Әсіресе, шетелдік люкс санатындағы көліктерге кезекке тұрғандар көп.

Бұрындары Ресейден сұраныс өте төмен еді. Оның үстіне іріктеп, ішіндегі санаты жоғары дегендерін ғана сатып алатын. Қазір таңдау жоқ. Партиясымен тапсырыс беруде,

— дейді Евгений Бибер.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі отандық көлік құрастыру зауыттары бағаны 50 пайызға қымбаттатып жатқанда, өздерінің әлі күнге құнды өзгертепегенін айтады. Содан да болар, көрші елден келетіндер қатары күн санап көбейген.

Еске салайық, ЭК бұған дейін Ресейдің көлік экспортын тоқтатқаны жайында жазған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров