Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі қамауға алынды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қамауға алынды.

Ол кеше, 16 наурызда елордада бірнеше рет рейдерлік шабуылға қатысқан деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Ratel агенттігі дереккөздерге сүйене отырып жазды.

Гүлмира Сатыбалды — Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Екеуі 17 жыл бұрын ажырасқан.

Экспресс К тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласқанында, баспасөз қызметі бұл ақпаратты әзірге растамады.

Еске салып өтсек, 15 наурызда "Қазақтелекомның" қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша ұсталған Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров