Паралимпиада

Қазақстан бас тартса да, ел спортшылары Ресейдегі жарысқа қатысуға кеткен

Бек ТӨЛЕУОВ

Следж-хоккей

Ресей мен Беларусь Бейжіңдегі Паралимпиададан шеттетілген еді. Енді Ресей Паралимпиаданың орнына балама жарыс ұйымдастырып жатыр.

Ханты-Мансийскте өтетін "Мы вместе Спорт" деп аталатын додаға олар Қазақстанды да шақырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейжіңдегі жарыстан шет қалған Ресей мен Беларусь құрамаларынан бөлек, Қазақстан, Тәжікстан, Арменияға шақырту жіберілген. Бұл туралы Ресей Паралимпиада комитетінің (ПКР) басшысы Павел Рожков айтты.

paralymp.ruparalymp.ru
paralymp.ru

Беларусь, Тәжікстан және Армения құрамалары келіп жетті. Бүгін Қазақстан спортшылары қосылады. Олар следж-хоккейден ( шайбалы хоккейдің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түрі),

— дейді Павел Рожков.

Бұл ойындар 18-21 наурыз аралығында өтеді. Шаңғы жарысы, биатлон, сноуборд, тау шаңғысы, керлинг және следж-хоккей бар екен.

Ең қызығы, Қазақстанға шақырту жібергенімен, біздің Ұлттық Паралимпиада комитеті бас тартқан. Мұны Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев те айтты.

Халықаралық спорттық ұйымдармен біздің Ұлттық Олимпиада және Паралимпиада комиттері бірлесіп жұмыс атқарады. Ресейден бізге ұсыныс түскен. Бірақ біздің Паралимпиада комитеті қатысудан бас тартып, хат жолдады,

— дейді Самат Ерғалиев.

Оның айтуынша, отандық спортшылардың бір жыл бойы қатысатын жарыстарының күнтізбесі бектіледі. Қаржысы бөлінеді. Ал аяқ астынан Ресей ұйымдастырып жатқан бұл турнир Қазақстанның күнтізбесіне енбеген.

Сонда хоккейшілерді кім қаржыландырып, кім жіберіп жатқаны түсініксіз.

Өз қаржысы болғанда, басы-қасында бір пысықай бар. Қалай болғанда да, олар еліміз атынан шығады. Көк байрағымызды көтереді. Бұл әрекет кері әсер етіп, бізге де санкция салынуы мүмкін,

— деп жазды журналист Аслан Қаженов.

Қазақстанның Паралимпиада комитетін жақында ұсталған Қайрат Боранбаев басқарады.

Ал шайбалы хоккей федерациясының президенті — бұрынғы Үкімет басшысы Асқар Мамин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров