Қайрат Боранбаев

Назарбаевтардың құдасы Қайрат Боранбаевқа қатысты сот шешімі шықты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Қайрат Боранбаев/facebook / ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елдегі бай-бағланның бірі, Дариға Назарбаеваның құдасы, "Қайрат" футбол клубының қожайыны Қайрат Боранбаевқа қатысты сот шешімі шықты.

Сот оны тергеу кезіндегі 2 ай мерзімге күзетпен қамауға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері мәлім етті.

Агенттік квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау қапасына қамалды,

—делінген агенттік ақпаратында.

Сондай-ақ, аталмыш істің өзге де деректері тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Еске салайық, ЭК бұған дейін Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын жазған болатын. Кейін оны арнайы ұшақпен елордаға жеткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров