Зорлық-зомбылық

Қаңтар қасіреті кезінде әйелдерді зорлау дерегі тіркелген жоқ – ІІМ

Экспресс К

Видеодан кадр

Ішкі істер министрлігі Қаңтар оқиғасы кезінде әйелдерді зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар осылайша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да сөзін теріске шығарып отыр.

Тоқаев әйелдерді зорлауға қатысты бұған дейін бірнеше рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Halyq Uni басылымы қаңтардағы зорлық-зомбылыққа қатысты Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған. ІІМ өз жауабында мемлекет басшысы келтірген деректерді жоққа шығарды.

Алматы қаласында және басқа да өңірлерде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік барысында әйелдерді зорлау деректері тіркелген жоқ,

— делінген ресми жауапта.

Қаңтар оқиғасы кезінде әйелдердің зорланғаны туралы танымал адвокат, "Ақиқат" қоғамдық комиссиясының жетекшісі Айман Омарова да айтты.

"Тіркелгені туралы айтпай тұр ғой сол. Бермей тұр. Бірақ ондай әрекеттер болғанын біледі. Бізге әйелдер жазды. Ашық айтуын сұрасақ, айтпайды. Түрін көрсетпей, есімін жарияламағанның өзінде, қай жерде болғанын айтады ғой бәрібір. Соны туған-туыстары біліп қоюы мүмкін. Әңгіме сонда болып тұр. Бір әйел осындай жағдай болғанын жылап айтты. Күйеуі бар екен. "Айтпаймын" дейді", — деді адвокат.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров