Сериалдар

"Қарапайым Қайрат" веб-сериалының төртінші маусымы түсіріліп жатыр

Лаура БИҒАЛИ

© SSM

Salem social media түсірген "Қарапайым Қайрат" веб-сериалы жалғасады.

Көптің көңілінен шығып, ықыласына бөленген видео-хикаяның қазір төртінші маусымы түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

© SSM© SSM
© SSM

Жоба продюсері Сәкен Тоқтағұлов бұл маусым алдыңғысына қарағанда ерекше әрі қызыққа толы болатынын айтады. Оның үстіне жаңа жас актерлермен толығады екен.

"Көрермендерге бас кейіпкердің өмірі қызық. Хикаядағы кейбір оқиғалар актердің өз басынан өткен. Төртінші маусымда бейәдеп сөздерді қысқартып, оның орнына мағыналы сөздерге аса мән бердік. Сонымен қатар әзілдерді де өзгерттік. Біз осы жоба арқылы жамандық жасағандардың жазасыз қалмайтынын дәлелдегіміз келеді. Бұл жолы көрермен жаңа жас актерлермен танысады", — дейді жоба продюсері.

© SSM© SSM
© SSM

Бір қызығы, бұл жобаға қарапайым адамдар да актер ретінде түскен. Олар арнайы онлайн кастингтен өткен.

© SSM© SSM
© SSM

"Бұл маусымда 117 актер ойнайды. Оның 100-ге жуығы жас актерлер. Жобада қарапайым көрермендер де актер ретінде ойнайды. Оларға Instagram желісі арқылы онлайн кастинг жарияладық. Қызығушылық танытқандар өте көп болды. Арасынан таңдап алдық. Сонымен қатар, бізің жобаға шетелден қызығушылық білдіріп келгендер бар. Енді оны веб-сериалдан көресіздер",- дейді кастинг директоры Марина Сүлейменова.

Веб-сериал көктемнің соңында, жаздың басында желіге шығарады. Ол 14 бөлімнен тұрады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров